ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Ордабасыда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы кешен салынады

Биыл күш атасы – Қажымұқанның туғанына 150 жыл толады

 

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай биыл өзі жерленген Түркістан облысы Ордабасы ауданында үлкен кешен салынатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізі бойынан бой көтеретін кешенге Темірлан ауылындағы музей көшіріліп, 5 гектарды құрайтын аумақ туристік орынға айналады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында Түркістан қаласын дамыту мен спорт және туризм салаларында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға жоспары мен өзекті мәселелері ортаға салынды.

«Қазақ даласы батырының атына салынатын мемориалдық кешен заманға сай болады, нысан кітапхана, көрме залы, қонақүй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылмақ. Ғимарат аумағы жасыл-желекке оранып, демалыс орнына айналады. Спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, алдағы көктемде дәстүрлі қазақ күресінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.