08.12.2020, 17:30
Мәдениет
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды
Әдебиет пен өнер саласындағы 7 тұлға лауреат атанды
Мырзатай Жолдасбеков, әдебиеттанушы
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды. Мемлекет басшысының жарлығымен мемлекеттік сыйлыққа ие болған ақын-жазушылардың тізімі төмендегідей:
- «Абыз Әбіш» зерттеуі үшін – мәдениеттанушы Сауытбек Абдрахманов;
- «Көкейімде Күлтегіннің жазуы» өлеңдер жинағы үшін – ақын Серік Ақсұңқар;
- «Ғұлама-наме» трилогиясы үшін – жазушы Ғарифолла Есім;
- «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін – әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбеков;
- «Достояние души» өлеңдер жинағы үшін – ақын Бақытжан Қанапиянов;
- «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін – драматург Роза Мұқанова;
- «Періштелердің өлімі» прозалық шығармалар жинағы үшін – жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 9 қаңтарындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында бұдан былай әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатынын мәлім етті.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)