$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2020, 13:18
Мәдениет

ИМАНБЕК. USHER. MARSHMELLO. Қазақстандық диджей әлем жұлдыздарымен бірігіп ән жазды

«Too much» әніне түсірілген клип ертең көрерменге жол тартады

ИМАНБЕК. USHER. MARSHMELLO. Қазақстандық диджей әлем жұлдыздарымен бірігіп ән жазды

Saint Jhn есімді атақты рэпердің «Roses» атты әніне ремикс жасап әлемге танылған қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов тағы бір жақсы жаңалығымен бөлісті. Бұл жолы 19 жастағы Иманбек атақты америкалық әнші, биші, актер, R&B бағытындағы табысты артист Usher және Marshmello деген лақап атпен танымал диджеймен бірлесіп «Too much» атты ән жазған. Бірлескен жоба туралы танымал әнші Usher желіде сүйінші сұрап жазды. 

Еске сала кетейік, шілдеде The New York Times басылымында Иманбек Зейкеновтің сұхбаты шығып, ол ата-анасымен бірге Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында тұратынын айтты. Иманбектің әкесі – өрт сөндіруші, анасы туристік агенттікте жұмыс істейді.

Иманбек 2019 жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеген. Алайда, оның «Roses» әніне жасаған ремиксі тағдырын мүлдем басқа арнаға бұрды.

Серіктес жаңалықтары