Қазақстандық фильм Варшавада өткен кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

«18 килогерц» – 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін фильм

Қазақстандық фильм Варшавада өткен кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды
Фото: «18 килогерц» фильмінен кадр

Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты көркем фильм 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы кеше фестивальдің жабылу салтанатында белгілі болды.

Марапаттау рәсімінде тікелей эфирге қосылған Фархат Шәріпов қуаныштан жүлдеге қол жеткізгеніне сенбей отырғанын айтты.

«Фестиваль ұйымдастырушыларына зор алғысымды айтамын. Осы қиын кезеңде киноға көңіл бөлгендеріңізге рахмет. Фильмге түскен дебютант-актерлерге де, туындымыздың продюсері мен картинаның түсіру тобына да алғысым шексіз», - деді режиссер.

«18 килогерц» – 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін фильм.

Фильмнің түсіру жұ­мыстары Алматы қала­сында жүргізілді. Басты рөлдерде Мұсахан Жұма­хан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со секілді жас актерлер ойнады.

«18 килогерц» – ересек­тер естімейтін дыбыс жиі­лігі. Фильм жасөспірім­дер­­­­дің проблемаларына­ ар­нал­­­ған... Есейген са­йын жас буынның қиын­дық­­тарын түсіну қиындай беретіні анық. Өзіміз де жасөспірім болдық, кей­бір проблемалар шешіл­мейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шы­ға­тын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болады. Біз­дің фильм сол кездерді еске алу үшін арнайы түсіріл­ді», - дейді ре­жиссер Фархат Шәріпов фильм жайында. 

Айта кетерлігі, «18 килогерц» фильмі сондай-ақ Азиядағы ең ірі фес­­тивальдардың бірі – қа­зан­­ның 21-і мен 30-ы ара­лығында өтетін 25-ші Халықаралық Пу­сан ки­нофестивалінің (BIFF) кон­курстық бағдарла­масына қатысады. Кино­туынды «Азиялық киноға терезе» (A Window on Asian Cinema) атты бағдарл­ама­сында көрсетіледі.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.