Америкалық ақын Нобель сыйлығының иегері болды

Марапаттау рәсімі Нобель комитетінің YouTube арнасында көрсетілді

Америкалық ақын Нобель сыйлығының иегері болды
Фото: dp.ru

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығын америкалық ақын Луиза Клюк иеленді, деп хабарлайды euronews.com.

Ақынның өлеңдеріне арқау болатын тақырыптар - жалғыздық, оқшаулану, құмарлық және т.б.

Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте Аустрия-Венгриядан шыққан еврейлердің отбасында туған. Ол Сарра Лоуренс колледжінде және Колумбия университетінде білім алған, бірақ диплом ала алмады.

Кейінірек Уильямстаундағы колледжде ағылшын тілінен сабақ берді, сонымен қатар Йельс, Бостон және Айов университеттерінде оқытушы болды. Глюк – Американың өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Америка ақындары академиясының канцлері (1999 ж.), поэзиясы үшін Пулитцер сыйлығы (1993 ж.) мен Уоллес Стивенс премиясын (2008 ж.) иеленген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.