10.08.2020, 18:15
Мәдениет
Мемлекеттік хатшы елордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр
Фото: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, мерейтойлық комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен елордадағы Абай ескерткішіне салтанатты жағдайда гүл шоқтарын қойды. Осындай салтанатты рәсімдер еліміздің барлық өңірінде өтті.
Белгілі болғандай, Қазақстанда «Абай күні» тұңғыш рет атап өтілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет Абай күнін белгілеп, еліміздің атаулы мерекелік даталар тізбесіне енгізді.

Басты мақсат – Абайды ұлтымыздың рухани реформаторы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер ретінде оның теңдессіз шығармашылығын насихаттау.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 17:53
Астанада ММА файтері сахнада боқтаймын деп басы дауға қалды (ВИДЕО)