«Келесі жылы ашылады»: Тоқаев ТМД-дағы кітаптардың алтын қорын Астанадағы жаңа кітапханадан ашуды ұсынды

Осылайша, Тоқаев атап өткендей, кәсіби аударманы да қамтып, көпшілік еркін пайдаланатын цифрлық кітапхана жасақтауға болады

«Келесі жылы ашылады»: Тоқаев ТМД-дағы кітаптардың алтын қорын Астанадағы жаңа кітапханадан ашуды ұсынды
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Астанада құрылысы аяқталатын Президент кітапханасынан «ТМД кітапханасының алттын қорын» ашуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бүгін ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Тоқаев осы арқылы елдердің мәдени мұра саласындағы байланысы нығая түседі дейді.

«Бізге халықтарымыздың достығына арқау болатын жаңа ынтымақтастық жолдарын іздеу қажет. Жастардың оқуға құштарлығына қолдау білдіру өте өзекті. Себебі артық білім – кітапта. Кітап оқыған адам ғана білімді, парасатты тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табады. Интернет үстемдік құрған, TikTok-менталитеті секілді құбылыс пайда болып, жастардың мінез-құлқы өзгерген заманда бұған мән бермесе болмайды. Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді. «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасы іске асырылып жатыр. Осы идеяны әрі қарай өрбітіп, халықтарымыздың әдеби жауһарларынан құралған «ТМД кітапханасының алтын қорын» жасауды ұсынамын. Аталған қорды құрылысы келесі жылдың орта шенінде аяқталатын Астанадағы Президент кітапханасында орналастыруға болар еді», - деді ұсыныс танытқан Тоқаев.

Жоба аясында Үздік әдеби шығармаларды насихаттау арқылы Достастық халықтарының тарихын, мәдениетін және рухани мұрасын зерделеу мүмкіндігі жастарымыздың өзара түсіністігіне жол ашатыны, ең бастысы, қазіргі құбылмалы заманда ынтымағымызды нығайта түсетіні сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.