Түркістанда «Шәмші әндеріне» арналған өнер фестивалі өтеді

Автор: Бақыт Шынар

Концертке қазіргі эстрада жұлдыздары қатысады

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Жуырда, 18 шілде күні Түркістан қаласында Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Концерт кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» кешенінде өтеді.

«Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік құндылығын паш ету», - деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Концертке келген еліміздің танымал әншілер алтын қорға енген Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін шырқайды.

«Концертте «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Melomen» тобы, Алтынай Жорабаева, «Сарын» тобы, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және «Turan Boys» тобы ән айтады. Мерекелік кешті Нұрсұлтан Есжан мен Алла Гаврина жүргізеді», - деп хабарлайды әкімдік.