$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әбілхан Қастеевтің шөбересі тікелей эфирде атасының ешкім көрмеген суреттерін паш етті (ВИДЕО)

Айсанам Қастееваның айтуынша, бұл суреттер бұған дейін еш жерде жарияланбаған

Әбілхан Қастеевтің шөбересі тікелей эфирде атасының ешкім көрмеген суреттерін паш етті (ВИДЕО)
Фото: nstagram.com/tanutro.qz

Бүгін атақты суретші Әбілхан Қастеевтің шөбересі Айсанам Қастеева «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасының студиясына келіп, тікелей эфирде атасының ешбір жерде жарияланбаған суреттерін көрсетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әбілхан Қастеев қазақтың біртуар суретшісі, қазақ тарихындағы кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаған, график-суретші, кескіндемешісі. Бүгін Айсанам Қастеева атасының әдемі суреттерін әкеліп, халыққа көрсетті.

«Бұл суреттер ешбір жерде жарияланбаған. Бұны маған кеше ғана Гүлдария апайым (Әбілхан Қастеевтің қызы - ред) берді. «Бұл суреттері әлі жарық көрмеген» деді. Мүмкін, бұл атамның болашақ үлкен картиналары арналған сызбалары болған шығар», - дейді Айсанам Қастеева.

Айта кетейік, Әбілхан Қастеевтің бұл суреттерінен ұлы Абайдың, ШОқан Уәлихановтың суреттерін байқауға болады.