$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балалар үйінен шыққан төрт жеткіншек Астанадағы жарысқа қатысып, Дубайға жолдама ұтып алды

Олардың бәрі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар

Балалар үйінен шыққан төрт жеткіншек Астанадағы жарысқа қатысып, Дубайға жолдама ұтып алды
Фото: gov.kz

Астанада өткен «Жұлдыз болғым келеді» Республикалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алған төрт жеткіншек енді Дубайға барады: олар ата-анасының қамқорлығынсыз өсіп жатқан Түркістан облысының жас таланты Ерасыл Өскенбаев, Ұлытау облысынан Руслан Шолленбергер және Қостанай облысынан Никита Дерксон мен Криулько Златалар, деп жазады Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ жарыста бірінші орын алған Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дружинская Наталья, Қызылорда облысынан келген Ахмадуллина Алеся және Абай облысынан Першина Анастасия мен Черепанова Евгениялар ноутбук, смартфон сияқты бағалы жүлделерді жеңіп алған.

Дереккөзге сүйенсек, жобаға танымал блогер, Павлодар облысындағы балалар үйінің түлегі Алексей Лодочников жетекшіліп еткен. Оның айтуынша, байқаудан тысқы басты мақсаты – Астананы бірінші рет көрген жастарға мейірім сыйлап, дүниетанымдарын кеңейту болған.

«Бүгінгі байқау респулика бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен байқау. Байқау биыл бірінші рет өтіп жатыр. Мен елордаға бірінші рет келген балаларға қаланың әсем жерлерін көрсеткім келді», - деді ол.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың талантын ашуға арналған байқауды оқу-ағарту министрілгі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, El Umiti корпоративтік қоры мен өзге де серіктестер қолдаған.

2025 жылдың 20 қыркүйегінде басталған жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 170 бала қатысып, 40 дарынды бала іріктелген екен.

«Осы балалардың көбі үшін бұл – үлкен сахнадағы алғашқы қадам, елордаға алғашқы сапар, арманына жету жолындағы маңызды белес. Біз жас таланттардың қабілетін ашуға, олардың жұлдызын жарқыратып, адамдарға қуаныш сыйлауға бағытталған бастамаларды әрқашан қуана-қуана қолдауға дайынбыз», - дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Ал, El Umiti корпоративтік қорының басшысы Гүлім Жүсіпованың айтуынша, қор жалпы 8-18 жас аралығындағы балалар мен ұстаздарға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.

«Жұлдыз болғым келеді» байқауы әлеуметтік осал топтағы балалардың шығармашылық дамуына және өзін-зі танытуына тең мүмкіндіктер беруді мақсат етті. Ол өз кезегінде біздің корпоративтік қорымыздың миссиясымен сәйкес келеді», - дейді Гүлім Жүсіпова.

Серіктес жаңалықтары