02.12.2025, 06:24
Мәдениет
Димаш Гиза пирамидалары жанындағы концертінің әсерлі сәттерін көрсетті (ВИДЕО)
Бұл Димаштың Африка құрлығындағы алғашқы концерті болды
Фото: Dimashnews
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Мысырда жақында өткен концертінен әсерлі видеоларды бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші шоудағы бірегей үзінділерді өзінің Instagram парақшасында жариялады.
30 қараша күні тұңғыш рет ұйымдастырылған The Pyramids Echo фестивалі аясында Димаш Гиза пирамидаларының етегінде жеке концерт өткізді – бұл оның Африка құрлығындағы алғашқы концерті болды.
Жарияланған видеода әртіс Мысыр тұрғындары мен өз жанкүйерлеріне жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.
«Гиза пирамидаларының етегінде Stranger шырқалды. Өзі-ақ бәрін айтып тұрған сәт. Рақмет, Мысыр», — деп жазды әртіс.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды