$ 519.98  600.06  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:15
AR trend

«Тырысып қалдым»: Төреғали Төреәлі сахнада термесін орындамай қойды (ВИДЕО)

Ол термесін орындамай, басқа әніне көшіп кетті

«Тырысып қалдым»: Төреғали Төреәлі сахнада термесін орындамай қойды (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Ақтауда жеке концертін берген Төреғали Төреәлі сахнада көңіліне жақпай қалған дүниені атап, сол үшін домбырасын шешіп, термесін орындамай қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылар әнші микрофонының дауысын дұрыстай алмаған. Әнші «ренжіп қалғанын» жеткізді.

«Болды, ренжіп қалдым. Жақсы айтып келе жатыр едім. Барлығын бүлдірді. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», - деді Төреғали Төреәлі.

Видео астына жұрт түрлі пікір қалдырған.

«Ақын ғой, мұндай адамдарда арқа болады. Бұның мінезіне халық та үйреніп қалған сияқты. Бойында қазақтың қаны мен намысы бар жігіт қой, ештеңе етпес. Әдетін әлі қоймапты», - деп жазған олар.

Еске сала кетейік, Төреғали Төреәлі былтыр 14 маусымда жол ережесін бұзып, полицейлердің қолына түскен еді. Сараптама нәтижесі оның есірткіге масаң күйде екенін анықтаған. Полицейлерге бағынбай, оқиға орнынан кетуге тырысқан әнші 20 күнге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Қыркүйек айының соңында ол полицейлерді қорлағаны үшін тағы да сотқа тартылып, әншіге 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары