22.11.2025, 17:37
AR trend
Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын жариялады (ВИДЕО)
Ол «+1 Абайұлы немесе Абайқызы» деп жазды
Фото: instagram.com/abai_begei
Танымал әнші Абай Бегей мен жұбайы Фариза Жұманова әлеуметтік желіде отбасындағы сүйінші жаңалықтарын бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фариза Жұманова УДЗ қорытындысын көрсетті
Әншінің жұбайы Instagram парақшасына жүктеген видеода болашақ сәбидің УДЗ нәтижесін көрсетеді. Жазбада «+1 Абайұлы немесе Абайқызы» деп жазылған. Жұмбаққа толы жазба қалдырып, оқырмандардың қызығушылығын арттырды.
Абай Бегейдің сыйлығы жұрттың жүрегін елжіретті
Видеода Абай Бегейдің жарына гүл мен жаңа телефон сыйлаған сәті де көрсетілген. Әншінің қамқорлығы желідегі көп қолданушының көңілінен шықты.
Пікір қалдырған оқырмандар:
- «Қуанышты отбасы болыңдар!»
- «Сүйінші! Бақытты болыңдар»
- «Жанұяларыңызға береке тілейміз» деген секілді ақжарма тілектерін жазып жатыр.
Желі қолданушылары жас отбасын құттықтауда
Жазба қысқа уақытта кең таралып, желі қолданушылары жас отбасыға жылы лебіздерін жолдады. Көпшілік болашақ сәбидің жынысын білгісі келетінін де жасырмады.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды