«Әй, еркектер-ай, еркектер»: Перизат Қайраттың 11 жыл бұрын сахнада «тамаша» ойнаған видеосы табылды
Редакция экслюзив фотоларды да анықтады
 
                        «Біз біргеміз» деген қайырымдылық қор ашып, оған түскен 3,5 млрд теңгені қалтасына басқан Перизат Қайрат биыл жазда 10 жылға сотталған еді. Анықталғандай, осыдан 11 жыл бұрын ол актриса ретінде «Қуандық пен Бақыт» театрында жұмыс істеген екен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қолымызға түскен видеоға қарасақ, Перизат Қайрат актер Қуандық Шәкіржановпен бір сахнада өнер көрсетіпті.
Видео 2014 жылы 11 қаңтарда желіге жүктелген. Перизат Қайрат онда Қуандық Шәкіржановтың әйелінің рөлін сомдаған.
Оның сондай-ақ қазіргі танымал актерлермен бірге түскен суреттері де бар екен.

Айта кетейік, Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында қазақстандықтардың қайырымдылыққа деп жинаған 3 млрд теңгеден астам қаражатын өз қажетіне жұмсап, талан-таражға салғаны үшін ұсталған.
Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмегі ретінде жиналған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 9 шілдеде Астана сотында ұрланған қаражаттың жалпы сомасы нақтыланып, 3,5 миллиард теңгені құрағаны айтылды.
Қылмыстық іс бойынша сот процесі екі аптаға созылды. Ол ішінара жабық режимде өтті. Сотта дәлелдер журналистердің қатысуынсыз зерттелді.
Сот Перизат Қайраттың мүлкі мен жылжымайтын мүлкіне тыйым салды. Әңгіме элиталық жылжымайтын мүлік, люкс автокөліктер, қымбат әшекей бұйымдар мен аксессуарлар туралы болып отыр.
2025 жылдың қаңтар айының соңында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты жаңа тергеуді тіркеді. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін ақша жинау кезінде алаяқтық жасады деп айыпталды.
Күдікті өзін бизнес-ханым ретінде көрсетуге тырысып, заңсыз иемденген миллиардтарды заңдастырмақ болған. Ол тергеу органдарымен байланыс орнатудан бас тартып, жауап беруден де бас тартқан.
 
                         
                    