«Келіндерімнің шайын ішіп алайын»: Гүлзира Айдарбекова қашан бөлек шығатынын айтты
Ол қазір екеуі екі қалада тұрып жатыр

Әнші Қайрат Нұртастың анасы және продюсер Гүлзира Айдарбекова алдағы уақытта балаларынан бөлек шығатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Болашақта балалардан бөлек шығамыз»
Продюсердің айтуынша, қазір жұбайы Нұртас Айдарбеков екеуі екі қалада тұрып жатыр және болашақта өз алдына бөлек үйде өмір сүруді жоспарлап отыр.
«2-3 жылдан кейін Нұрекең екеуміз балалардан бөлек шығамыз. Екі қаланың ортасында жүрміз. Келіндерім Әйгерім мен Индираның әбден шайын ішіп алайын. Олар да бөлек шығамыз деп айтпайды. Қазір Нұрекең екеуміз шаруаларымызды бітіре алмай жүрміз. Сосын бөлек тұрғымыз келеді», – деді Гүлзира Айдарбекова.
Отбасы туралы айтқан ойы
Айдарбекова бұл шешімнің ешқандай отбасылық кикілжіңмен байланысты емес екенін, тек жеке кеңістік пен тыныштыққа мұқтаж болғанын атап өтті.
Контекст
Айта кетсек, қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына қатаң ескерту жасады. Оған дейін Әнші Қайрат Нұртас інісі екеуі жеке бренд өнімін шығара бастаған анасын құттықтап, оған тосын сый ұйымдастырды. Сондай-ақ биыл биыл туған күнін әдеттегідей дүркіретіп өткізбей, демалысқа арнауды жөн көрген. Продюсер бұған дейін «Taboo» бағдарламасына сұхбат беріп, көпшілік жиі салыстыратын үш келіні туралы пікір білдірген еді және келініне көмектескен ұлы Аян Нұртасты әзілдеп сынға алып, «подкаблучник» деп атаған болатын. Сонымен қатар ол жылы қабақпен қарсы алған келініне ризашылығын білдірді. Продюсер Гүлзира Айдарбекова 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылған келініне қатысты пікір білдірді.