Жанар Айжанованың «Кальмар ойындары» актерімен түскен видеосы тарады
Видео әлеуметтік желіні шулатты

Оңтүстіккореялық жұлдыз Им Шиванмен түскен бейнежазбасы арқылы Жанар Айжанова әлеуметтік желіні шулатты. Қазақстандық актриса мен әнші Instagram мен TikTok желілеріне Пусан кинофестивалінде түсірілген архивтік фото мен видеоны жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қысқа кездесу
Бейнежазбада Айжанова өзін комедиялық актриса және әнші ретінде таныстырады. Оның айтуынша, Им Шиван Казахстаннан келген әртіспен танысқанына таңғалған.
«Өте сыпайы, жақсы адам. Кино мен ән саласын қатар алып жүргеніміз де ұқсас екен. Әзілдеп, Қазақстанға келем деп уәде берді», – деп жазды Жанар Айжанова жазбасында.
Видеоны жарты миллион адам көрді
TikTok-та жарияланған ролик бірнеше сағат ішінде 500 мыңнан астам қаралым жинады. Комментарийлер астында желі қолданушылары актрисаны қолдап, жылы лебіздерін білдірген:
- «Жанар апай, сіз VIP!»
- «4-маусым қашан шығады екен, сұрап көрдіңіз бе?»
- «Казахская легенда встретилась с K-drama жұлдызымен!»
Бұл қандай видео?
Жазба 2022 жылғы Пусан кинофестивалінде түсірілген. Сол кезде Жанар Айжанова ең үздік әйел рөл номинациясында бестікке енген болатын. Бұл архивтік сәттер актрисаның жанкүйерлерін ерекше қуантты.
Им Шиван кім?
Им Шиван – Оңтүстік Кореяның танымал актері мен әншісі. Ол әлемге «Кальмар ойыны» (Squid Game) сериалы арқылы танылды. Сонымен қатар музыкалық сахнада да белсенді.