Айсәуле Бақытбек сұхбат кезінде өгей әкесін жылатып алды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Тұрсын Алагөзов анасын есіне алып, көз жасына ерік берді

Фото: скриншот

Өгей әкесі Тұрсын Алагөзовтен сұхбат алған актриса әрі блогер Айсәуле Бақытбек оған қайырымдылық әрекеті туралы сұрақ қойып, жылатып алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін айтқанымыздай, актриса Айсәуле Бақытбек youtube-тағы «Сырласу» жобасына өзінің өгей әкесі Тұрсын Алагөзовті қонаққа шақырып, оның бизнес-жобаларына пиар жасаған. Сөз барысында ол өзінің қарапайым қызметкерлеріне сыйлаған 100 пәтері туралы сұрағанда, Тұрсын Алагөзов жылап жіберді.

«Бұл қайырымдылық менің жүрегімнің қалауы болды. Менің анам жетімдер үйінен шыққан адам. Сондықтан, балаларын махаббатқа бөлеп өсірді. Бізге қол көтермейтін, ұрспайтын. Өйткені, өзі жетімдіктің азабын тартқан адам», - деген Тұрсын Алагөзов көз жасына ерік берді.

Айсәуленің айтуынша, Тұрсын Алагөзов анасын үнемі есіне алып жүреді екен.

«Менің осындай жұмсақ адам болғаным анама тартқанымнан шыққан шығар. Мен қызметкерлеріме пәтер берген кезде мені танымайтын талай адам келіп құшақтап, алғыс айтты», - дейді Алагөзов.

100 пәтердің жыры 

Айта кетейік, биыл көктемде Тұрсын Алагөзов бір компаниясындағы 100 қызметкеріне тегін пәтер бергені қоғамда қызу талқыланған еді. Кейін оның экс-әйелі Ляйсара Марат экс-күйеуінің жақында өткен қайырымдылық акциясы – 100 қызметкеріне пәтер сыйлағанына қатысты пікір білдіріп, бұл әрекеттің шынайы себебі басқа екенін айтқан еді. 

Айсәуле Бақытбектің отбасы ауыр қазаға душар болды

Бір айдам астам уақыт бұрын блогер әрі актриса Айсәуле Бақытбектің қайын атасы Ербол Қайдаров көз жұмғанын хабарлаған еді. Ол - Қазақстандағы белгілі онколог-дәрігер, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарованың жолдасы.