14.06.2025, 11:42
AR trend
«Келіннің міндетін бөлісіп алған»: кішкентай бала желіні күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)
Көпшілік баланың әрекетін ерекше жылы қабылдады
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде беташар сәтінен ерекше кадр тарады. Онда келінмен бірге бір жас бала да сәлем салып, елді сүйсінтті. Қолына ақ орамал ұстап, салтқа сай сыпайы иілген кішкентай балақай көптің көңілін босатып, жұрттың жүрегіне жол тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Келінмен бірге сәлем салды»
Кадрда көрінгендей, келіннің жанында тұрған кішкентай бала ақ орамалды ұстап, үлкендерге бірге иіліп сәлем салған. Көпшілік оны «беташардағы көмекші», «нағыз қазақ ұланы», «болашақ мырза күйеу» деп атап, жылы пікірлерін жарыса жазып жатыр.
Желі қолданушыларының пікірлері:
Желі қолданушылары видеоға күлкіден көзіне жас келгенін жазып жатыр. Сонымен қатар мынандай да пікірлер кездеседі:
- «Беташардың форматы жаңарды! Енді кішкентай серіктермен»
- «Осындай кадрлар көзге жас ұялатады»
- «Келінмен бірге сәлем салған бала – үлкен тәрбие мен жылылықтың белгісі»
- «Мынау енді тарихқа енетін сәт! Қанға сіңген сыйластық қой…»
Көп оқылған
04.05.2026, 13:32
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте бір топ бала жабылып, 1-сынып оқушысын ұрып кетті
04.05.2026, 12:23
Ирандық инвесторлар Қазақстандағы ірі агрожобаларға миллион долларлап ақша құятын болды
04.05.2026, 15:59
Астанада қайғылы жағдай: аула ішінде 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.05.2026, 16:45
Аптап ыстық күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы 36 градусқа дейін барады
04.05.2026, 09:41
Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін
04.05.2026, 11:56
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін 1,8 млрд теңге бөлетін болды