«Тәрбиелі қыз екен!»: Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге не сұрады
Желіде жас келіннің таңдауы көпшілікті сүйсіндірді

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Асанқызы күйеуінен мәһрге алтын сақина сұрағанын көпшілік жылы қабылдады. Бұл сәт әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәһрге алтын сақина
Үйлену тойындағы діни рәсім кезінде молда «Мәһрге не қалайсың?» деген сұрақ қойған сәтте, жас келін «Алтын сақина» деп жауап берген. Бұл жауаптың бейнежазбасы TikTok және Instagram желілерінде кең тарады.
Әлеуметтік желідегі пікірлер
Қолданушылар жас жұбайлардың таңдауы мен келіннің қарапайым талабын жоғары бағалады. Желіде түрлі жылы лебіздер айтылды:
- «Тәрбиелі қыз екен»
- «Сәкеннің келіні болудың өзі – мәһр ғой»
- «Жастар бақытты болсын!»
- «Бұндай сәттер – қазақтың ұлтқа тән сұлулығының көрінісі»
Сәкен Майғазиевтің отбасы туралы
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев жуырда ұлы Әділеттің үйлену тойын өткізген. Бұл жаңалық қоғамда кең талқыланып жатыр. Әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі Динара Майғазиева келінін бір көргеннен жақсы көріп кеткенін айтты. желіде Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзатуы қызу талқыланды. Ұзатудан соң оны ақ кілемге отырғызып алып кеткен. Видео әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі реакция тудырды. Сонымен қатар Жазира Байырбекова Жаңаөзен қаласында өткен құдалыққа арнайы барғанын жазып, жас келңн туралы айтты. Оған дейін Сәкен ұлының тойын өткізуді танымал продюсерге сеніп тапсырғаны белгілі болды. Сондай-ақ ұлының үйлену тойына екі мың адам шақыратыны айтылды. Оған дейін Сәкен Майғазиев келін түсіруге дайындықты бастап, үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізді.