$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні жайлы күтпеген сыр айтты

Әнші өзінің Instagram парақшасында ерекше әсерін бөлісті

Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні жайлы күтпеген сыр айтты
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова Жаңаөзен қаласында өткен Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділеттің құдалығына арнайы барған. Әнші өзінің Instagram парақшасында ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, достарымыздың келіні болып шықты. Енді құда болып келіп отырмыз»,– деді Жазира Байырбекова.

Сәкен Майғазиевтің жұбайы қандай пікір айтты?

Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева да «өмірдің тосын сәйкестіктеріне» таңданысын жасырмады.

«Өмірде осындай сәйкестіктер көп болсын. 20 жыл бұрынғы таныстықтың осындай құдалықпен жалғасуы – үлкен тағдырлық байланыс»,– деп жазды ол.

Желі қолданушыларының реакциясы

Әлеуметтік желіде бұл жаңалық қызу талқыланып жатыр. Көпшілік:

  • «Нағыз тағдырлас құдалық екен»
  • «Әдия бөпе еді дегені жүректі елжіретеді»
  • «Сәкен мен Жазираның достығы үлгі боларлық» деген жылы пікірлерін жазды.

Серіктес жаңалықтары