Бүгін, 01:51
AR trend

Димаш Құдайберген бала күнгі арманын орындады

Әнші мексикалық жанкүйерлерін Қазақстанға шақырды

Димаш Құдайберген бала күнгі арманын орындады
Фото: dimashnews.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Мерида қаласында өткен концертінде жергілікті көрермендерге қазақтың музыкалық мәдениетін таныстырды. Тыңдармандар ұлттық әндерді жылы қабылдап қана қоймай, өнерпазға қазақ тілінде қосылып ән салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш әлемдік DIMENSIONS турының әр концертінде қазақтың танымал әндеріне арнайы орын береді. Өнерпаз халық шығармашылығы арқылы шетелдік көрермендерге Қазақстанның мәдениетін, ана тілін және ұлттық дәстүрлерін таныстырып жүр. Бұл ретте әндер заманауи музыкалық өңдеумен орындалғанымен, өз болмысын сақтап қалады.

Қазақ әндері әлемнің түкпір-түкпіріндегі әншінің жанкүйерлеріне де ерекше әсер етіп келеді. Көптеген Dears қазақ тілін үйреніп, ұлттық әндерді Димашпен бірге орындайды әрі оның сахнадағы өнерін қолдайды.