Бүгін, 00:26
AR trend

Гүл, iPhone, доллар: Алтынай Жорабаева туған күнінде алған сыйлықтарын көрсетті (ВИДЕО)

48 жасқа толған әнші отбасылық суретін жариялап, жолдасы сыйлаған тартудың суретін жариялады 

Гүл, iPhone, доллар: Алтынай Жорабаева туған күнінде алған сыйлықтарын көрсетті (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева туған күнін атап өтіп, әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық суретін бөлісті. Өнер иесі жазбасында жақындарына деген ыстық ықыласын жеткізіп, мерекеге орай өзіне жолданған құттықтауларға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші 48 жасқа толған сәтінде өміріндегі ең қымбат жандарға арнап жүрекжарды жазба қалдырған. Сондай-ақ жолдасы сыйлаған тартуын да оқырмандарына көрсетті.

«Қош келдің, 48 жасым. Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар. Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Алла қосқан қосағыма, қыздарыма мың алғыс. Сендерді шексіз жақсы көремін», – деп жазды Алтынай Жорабаева.