Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Желі қолданушылары Динара Сәтжанның келбетінде, киген киімінде өзгеріс бар екенін жарыса жазды

Фото: Видеодан скрин

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның жүкті екені туралы сыбыс тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұндай сыбыстың тарауына тележүргізушінің әлеуметтік желіде соңғы жариялаған видеосы себеп болған. Желі қолданушылары Динара Сәтжанның келбетінде, киген киімінде өзгеріс бар екенін жарыса жазды.

«Аяғы ауыр сияқты», «Динара жүкті кезінде сұлу болып кетіпті», «Жүктілік ерекше жарасады екен», «Екіқабат әйел екеніңіз, жерік екеніңіз көрініп тұр, өзіңізге көңіл бөліңіз, абай болыңыз, сақтаныңыз», «Динара, аман-есен аяқ-қолыңызды бауырыңызға алыңыз! Алла жеңілдігін берсін! Сіз үшін қуаныштымын!» – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін тележүргізуші Динара Сәтжанның олигарх Жұмабек Жанықұлова тұрмысқа шыққаны хабарланған.