Бас жүлде Өзбекстан командасында - Шымкентте Жайдарман ойыны қалай өтті
Бұл жолғы жарыстыңң тақырыбы қаржылық сауаттылыққа арналды
Жуырда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Жайдарманның жаңа ойыны өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған ойынның бас жүлдесін Өзбекстаннан келген команда ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді», - деп хабарлайды Шымкент әкімдігі.
Дереккөзге сүйенсек, бұл жолғы жарыстың бас жүлдесі 1 млн теңге болған. Қалған жүлделі орындарға ойынның демеушісі қымбат жүлделер табыстаған көрінеді.
Сонымен, дереккөзге сүйенсек, жарыстың қорытындысы бойынша:
- І оры — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
- ІІ орын — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
- ІІІ орын — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
Айта кетерлігі, Жайдарманның Шымкенттегі бұл ойыны тегін болған. Сондықтан, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосқысы келген азаматтар тегін кірген.
Ал Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жайдарманшылар қаржылық сауаттылықты әзілге айналдыра отырып, қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғаған.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді. Аталмыш ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты», - деп хабарлайды ҚМА-ның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, үкіметтің ресми сайты хабарлағандай, 2025 жылы Қазақстанда интернет алаяқтыққа қатысты 27 892 факті тіркеліп, зардап шеккендерге 5 млрд теңге қайтарылды. 2026 жылдың басынан бері 14 414 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Алданғандарға 5,9 млрд теңге қайтарылған.
Бұл ретте үш жыл ішінде мұндай қылмыстардың ашылуы 29,9%-ға өсті.
- 2024 жылы — 4 409 факт ашылды, 1 564 адам (оның ішінде қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
- 2025 жыл — 6 016 қылмыс ашылды, 1 750 адам жауапқа тартылды.
- 2026 жылдың 8 айы — 3 977 интернет-алаяқтық ашылды, 1 128 адам жауапкершілікке тартылды.