Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға уәде еткен үйді сыйлады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Продюсер Халық әртісіне толық жабдықталған баспана тарту етіп, Түркияға 10 күндік жолдаманы да тарту етті

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy видеодан кадр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға уәде еткен баспананы сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешеваға продюсер Баян Алагөзова уәде еткен баспанасын табыстады.

Бұған дейін қоғамда қызу талқыланған «Камзол» оқиғасынан кейін Меруерт Өтекешеваның баспанасыз жүргені белгілі болған еді. Сол кезде Баян Алагөзова өнер иесіне қолдау білдіріп, оған құндыз тон мен гауһар сырға сыйлап, алдағы уақытта баспана алып беруге уәде берген болатын.

Енді продюсер сол уәдесін орындады. Ол Халық әртісіне жаңа пәтердің кілтін табыстап қана қоймай, үйдің ішін толықтай жиһаздап, тұрмысқа қажетті заттармен жабдықтаған. Сондай-ақ жаңа қонысқа арнайы шашу шашылып, сый-сияпат көрсетілді.

Бұдан бөлек, Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға Түркияға 10 күндік демалысқа жолдама тарту етті.

«Шынымды айтсам, ешқашан барып көрмегем», – деген Меруерт Өтекешева толқып, қуанышын жасыра алмады.

Еске салайық, бұған дейін Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер алып беретінін айтқан болатын.

Сондай-ақ Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмір бойы ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде зейнетақы төлейтінін жариялаған болатын.