Бүгін, 16:25
AR trend

Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Степногорск қаласында жеке кәсібі бар болып шықты

Ол туралы ашық дереккөздерден белгілі болды

Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Степногорск қаласында жеке кәсібі бар болып шықты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Атышулы Нұрлан Сабыровтың туған жері – Степногорск қаласында концерт бизнесіне қатысты жеке кәсіпкерлігі бар болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпаратты Қазақстандағы жеке кәсіпкерлерге қатысты ашық дереккөздерден көруге болады.

Сол дереккөздерге сүйенсек, Нұрлан Сабыровтың жеке кәсіпкерлігі 2023 жылдың наурызында тіркелген. Кәсіпті өзі, яғни, Нұрлан Әлібекұлы Сабыров басқарады.

Бағыты – концерт бизнесі. Бірақ, бұл жеке кәсіпкерліктің қалалық немесе облыстық бюджетке төлеген салығы туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Сабыровқа қатысты шу былтыр, 2025 жылдың мамырында басталған болатын. Мамырдың 19-ы күні ол Мәскеудің Шереметьево әуежайында ұсталды деген ақпарат тараған. Осы оқиғадан кейін Ресей билігі оған 50 жыл бойы елге кіруге тыйым салған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурасы бұл мәселеге қатысты бейтарап пікірді ұстанған.

Кейін комитің бірнеше елдегі концерті өтпей қалған еді.