Молдова билігі танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровты арнайы қара тізімге енгізді
Нұрлан Сабыров Молдовада жеке концертін өткізе алмайтын болды
Молдова Республикасының Мәдениет министрлігі елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп саналатын өнер иелерінің тізімін жариялады. Тізімге қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыров та енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы тізімге ТМД елдерінің 26 әншісі мен музыкалық ұжымы енгізілген. Олардың қатарында Леонид Агутин, Диана Арбенина, Morgenshtern, DJ Smash, Баста, Руки Вверх! (Сергей Жуков), t.A.T.u. және өзге де ресейлік эстрада өкілдері бар.
Министрліктің мәліметінше, аталған тізімге енген әртістерге Молдова аумағында концерттер мен басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылмайды.
Сонымен қатар ведомство бұл құжаттың ұсынымдық сипатта екенін, сондықтан оның өздігінен қандай да бір заңдық тыйым салмайтынын атап өтті.