13.05.2026, 16:31
AR trend

Тұсаукесер: «Астана» арнасында танымал түрік телехикаясы басталады (ВИДЕО)

Телехикаяны 15 мамырдан бастап «Астана» телеарнасынан, күн сайын сағат 21:00-де тамашалауға болады

«Астана» телеарнасы Түркия елінде аса танымал болған «Гүлжемал» телехикаясын өз көрермендерінің назарына ұсынады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Телеарнаның продюсерлері хабарлағандай, «Гүлжемал» – көрерменді алғашқы минуттардан-ақ баурап әкететін әсерлі драма. Сериал балалық шағында ауыр психологиялық соққы алған жігіттің тағдырын баяндайды. Басты кейіпкер – Гүлжемал. Оның рөлін түріктің танымал актері Мурат Юналмыш сомдайды.

Оқиға желісі бойынша бала Гүлжемал отбасын тастап кеткен анасына өштесіп өседі. Жылдар бойы жүрегінде жиналған ашу мен ыза оны қатігез, ешкімге аяушылық танытпайтын адамға айналдырады.

Есейіп, табысқа жеткен Гүлжемал туған қаласына оралып, өткенмен есеп айырысуды көздейді. Мақсаты – өзін тастап кеткен анасының өмірін тас-талқан ету. Туып-өскен өлкеде жаңа адамдармен танысады. Ішінде серік болар дос та, өміріне қауіп төндіретін дұшпандар да болады. Ең бастысы, ол өмірлік махаббатын кездестіреді. Іңкәр сезім оның ішкі жан дүниесін төңкеріп, бұрынғы ұстанымдарынан бас тартуға итермелейді.

Сериал Түркияның көрікті жерлерінің бірі Бурса қаласында түсірілген. Тарихи орындар мен ерекше атмосфера туындының көркемдігін арттыра түседі. Әрбір эпизод көрерменді кейіпкерлердің ішкі қайшылығына, таңдаулары мен тағдыр тәлкегіне терең үңілуге шақырады.

Телехикая 15 мамырдан бастап «Астана» телеарнасында, күн сайын сағат 21:00-де шығады.