12.05.2026, 23:24
AR trend

Мөлдір Әуелбекова келініне су жаңа көлік тарту етті (ВИДЕО)

Әнші келінінің көптен бергі арманын орындағанын айтты

Мөлдір Әуелбекова келініне су жаңа көлік тарту етті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында келініне ерекше сый жасаған сәттен видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер иесі келінінің көптен бергі арманы орындалғанын айтып, оған жаңа көліктің кілтін табыстаған.

«Әулетіміздің еркетотайы! Келінімнің арманын орындау маған бұйырыпты! Су жаңа тұлпарың жақсылыққа жүргізсін! Ортамызда осылай жарқырап жүре бер, ботақан! Жұғысты болсын!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да бұл көрініске сүйсініп, ақжарма тілектерін жаудырды.

«Мөлдір, сен әрдайым қуаныш сыйлағанды жақсы көресің», «Керемет! Құтты көлік болсын. Әнел келіншекке әбден лайық. Ақжолтай көлік болсын, қатты қуанып отырмын. Мөлдір қандай жомарт жан», «Келініңіз сізге ұқсайды екен. Құтты, берекелі көлік болсын», – деп жазды оқырмандар.