Бүгін, 21:18
AR trend

Әйгілі Бибігүл Төлегенованің терезесінің алдында әскери оркестр әуелете ән шырқады

Әскери қызметшілер халық әртісін Жеңіс күнімен құттықтап, соғыс жылдарындағы әндерді орындады

Әйгілі Бибігүл Төлегенованің терезесінің алдында әскери оркестр әуелете ән шырқады

Гарнизонның әскери қызметшілері, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері және балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері әйгілі әншінің үйіне арнайы барып мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник  Раджан Жанысов Бибігүл Төлегеноваға Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстап, мәдениетті дамыту мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Қазақтың аты аңызға айналған бұлбұл әншісін Жеңіс күнімен құттықтау – біз үшін үлкен мәртебе. Оның өмір жолы мен соғыс жылдарындағы еңбегі ел мен халыққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі», – деді ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бастығының орынбасары – Жауынгерлік даңқ музейінің басшысы, генерал-майор Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова.

Бибігүл Төлегенова жасы ұлғайғанына қарамастан, қонақтарды әрдайым жылы қарсы алып, жас ұрпақты қолдауды жалғастырып келеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында ол тылда еңбек етті. Соғыс басталған кезде небәрі 12 жаста болған. 1944 жылы Семей ет комбинатында жұмыс істеп, майданға жіберілетін өнімдерді дайындауға атсалысты. Сонымен қатар көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, госпитальдардағы жаралы жауынгерлерге ән айтып, олардың туған-туыстарына хат жазуға көмектесті.

Бибігүл Төлегеноваға әскери оркестр соғыс жылдарындағы әндерді орындап, әскери қызметшілердің балалары оған раушан гүлдерін сыйлап, «Жеңіс күні» әнін бірге шырқады.