«Жылап алдым»: Алтынай Жорабаева отбасындағы сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
Әншінің екінші қызы тұрмысқа шығады
Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, жақында екінші қызы тұрмысқа шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің сөзінше, қызы қазір 22 жаста. Оған жігіті ұсыныс жасаған.
«Жігіт үйленуге ұсыныс жасады. Болашақ құда-құдағиларымыз алдымыздан өтеміз деп жоспарлап жатыр екен. Құлай қаласа, күтеміз. Жастардың теңін тауып, бақытты болғанын тілейміз ғой», – деді ол.
Алтынай Жорабаева үлкен қызы мен екінші қызының арасы екі жас екенін айтты. Сонымен қатар, екінші қызы әпкесінің рұқсатын алғанын да атап өтті.
«Үлкен қызым мен екінші қызымның арасы екі жас. Әпкесінің рұқсатын алыпты», – дейді әнші.
Өнер иесі бұрын қыздарына алдымен білім алып, жұмыс істеп, аяққа тұрып алу керектігін айтқанын да жасырмады.
«Негізі бұрын 27 жасқа дейін оқып, жұмыс істеп, аяққа тұрып алу керек деп айтатынмын. Бірақ енді бұйрық қой», – деді Алтынай Жорабаева.