Әнші қауіпсіз елге кететіндерін жеткізді.
Дубайға барып, елге орала алмай қалған танымал әнші Жазира Байырбекова өздеріне алаңдаған оқырмандарына алғыс білдіріп, қай елге бара жатқандарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз Маскат қаласында әуежайдамыз. Әуежайға келіп билет сұрап тұрғандар көп. «Билет бар ма?» дейді. «Қайда?» десе, «Қайда болса да» дейді. Біз қайда болса да, тыныш елге ұшайық деп Түркияға Ыстанбұлға билет алдық. Әрі қарай тағы көре жатармыз. Ал елден келетін эвакуациялау ұшағына мінгізбеген себебі: 5 жасқа толмаған балаңыз бар болу керек екен. Біздің Дара - 6 жаста. Күтіп отыруға қорқып, Ыстанбұл арқылы оралайық деп шештік», - деп ағынан жарылды әнші.
Сондай-ақ ол басқа елге ұша алмай күтіп жүрген халық қарасы көп екенін мәлімдеді.
«Халықтан үлкен емеспіз. Рахмет ниеттеріңізге», - деді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, бұған дейін Дубайдан жүздеген қазақстандық елге оралатыны айтылды. Жидда мен Дубайдан арнайы рейстер ұйымдастырылды, үйлестіру жұмыстары жалғасып жатыр.