$ 493.85  571.78  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бірнеше пәтердің бағасындай: Баян Алагөзова мерекеге алған сыйлығын көрсетті

Тұрсынғали Алагөзов оған ең қымбат брендтердің бірінен бағалы бұйым тарту еткен

Бірнеше пәтердің бағасындай: Баян Алагөзова мерекеге алған сыйлығын көрсетті
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Қазақстандық танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Халықаралық әйелдер күніне орай алған қымбат сыйлығын көрсетті. Тұрсынғали Алагөзов жұбайына әлемдегі ең қымбат брендтердің бірінен бағалы бұйым тарту еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Продюсер Instagram парақшасындағы сторис бөлімінде қолындағы жаңа сағатын көрсетіп: «Сегізінші наурызға дейін шыдай алмады» және «Рақмет саған, махаббатым» деген жазба қалдырды.

Мамандар мен желі қолданушыларының болжамынша, бұл — «ультра-люкс» класына жататын швейцариялық Richard Mille RM 037 моделі.

Ерекшелігі: Корпусы қызғылт алтыннан жасалған, беті гауһар тастармен көмкерілген.

Chrono24 халықаралық сауда алаңының мәліметінше, бұл модельдің құны 200 000 доллардан 450 000 долларға (шамамен 90–200 млн теңге) дейін жетеді.

Мұндай сағаттың құны Алматының қақ ортасындағы бірнеше пәтердің немесе Bentley Bentayga мен Lamborghini Urus сияқты көліктердің бағасымен тең.

Баянның жұбайы — танымал кәсіпкер, «Galanz Bottlers» компаниясының негізін қалаушы Тұрсынғали Алагөзов. Ол Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі.

Forbes рейтингі: Тұрсынғали Алагөзов 130 млн доллар табысымен еліміздегі ең бай кәсіпкерлер тізімінде 61-орында тұр