$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таяу Шығыстан эвакуация: Дубайдан жүздеген қазақстандық елге оралады

Жидда мен Дубайдан арнайы рейстер ұйымдастырылды, үйлестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Таяу Шығыстан эвакуация: Дубайдан жүздеген қазақстандық елге оралады
Фото: Air Astana

Таяу Шығыс елдерінде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бүгін эвакуация аясында бірнеше арнайы әуе рейсі жоспарланған. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитет мәліметінше, Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 (148 орын) және Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 (184 орын) әуе кемелерін ұшырады.

Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейс және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейс орындайды. Жалпы саны 506 жолаушы елге жеткізіледі деп жоспарланған.

Қазақстан азаматтарын елге қауіпсіз жеткізу шаралары уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлестірілген тәртіпте жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Оман елінен жүздеген қазақстандық оралды.