Cannas WIBA Awards 2026: қазақ блогері әлем бойынша үздік атанды
Марапаттау рәсімі 22 мамырда өтеді
Қазақстандық блогерлер халықаралық деңгейде тағы бір биікті бағындырды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы World Influencer and Blogger Association (WIBA) марапатының қорытындысы бойынша отандық контент жасаушы Дастан Мұхаммедкәрім Cannas WIBA Awards 2026 аясында әлем бойынша үздік travel blogger атанды.
WIBA – жыл сайын әлемнің ең ықпалды блогерлері мен инфлюенсерлерін анықтайтын беделді халықаралық сыйлық. Бұған дейін бұл марапатты танымал инфлюенсерлер, соның ішінде Khaby Lame, CZN Burak және Nusret Gökçe иеленген.
«Салтанатты марапаттау рәсімі 22 мамыр күні Cannes қаласында өтеді. Жеңімпаз атанған блогер марапатын алу үшін Францияға арнайы барады. Бұл жетістік тек жеке жеңіс емес, сонымен қатар қазақстандық travel-контенттің халықаралық деңгейде мойындалуы», - деп айтты блогер.
Осыған дейін Instagram ресми парақшасы қазақстандық трэвел-блогер Дастан Мұхамедрахимның видеосын парақшасына жүктеген еді.