$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2026, 17:00
AR trend

«Бірінші рет балалы болардай қуанды»: Қайрат Нұртастың тосынсыйға деген әсері жұртты елжіретті (ВИДЕО)

Оның балаша қуанғанын оқырман ерекше атап өтті

«Бірінші рет балалы болардай қуанды»: Қайрат Нұртастың тосынсыйға деген әсері жұртты елжіретті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртас өзінің өткен жылғы туған күніне әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова жасаған тосын сый туралы айтып берді. Ол видеоны актриса бір жылдан кейін ғана жүктеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыз Қайратқа бесінші балаға жүкті екенін тосын сый ретінде жеткізген. Отбасымен бірге жиналып, әншіге сый ретінде кішкентай баланың киімі мен УЗИ суреті салынған қорапты ұсынған.

Баланың киімін қолына алған Қайрат таңырқап: «Мынау не?» деп сұраған. Кейін УЗИ суретін көрген соң ғана әйелі жүкті екенін түсінген.

«Мәссаған! Шынымен бе? Мен бақыттымын! Құдай қаласа, біз жетеу боламыз. Бұл мен үшін ең үлкен сыйлық. Жұлдыз, саған шексіз рахмет»,– деді әнші.

Желі қолданушылары Қайраттың қуанышты жүзін көріп, бақыттарына қуанып, пікір қалдырған.

«Балаша қуанды ғой Қайрат, бірінші рет көруім, Қандай керемет! Жылап отырмын, Бақытты болыңыздар, Не деген күшті эмоция, Көз тимесін. Бірінші рет әке атанғандай қуанып жатыр», - деп жазған желі қолданушылары.

Қайрат Нұртас 25 ақпанда 37 жасқа толды. Ол туған күнін отбасы ортасында, балаларымен атап өтті.