«Қызын тастап кеткен»: желіде Еркеш Хасен мен Жанель Серғазинаға қатысты дау басталды
Әнші мен актриса әзірге өздеріне қатысты айыпқа жауап берген жоқ
Әлеуметтік желіде әнші Еркеш Хасеннің жеке өміріне қатысты даулы ақпарат тарады. Оның бұрынғы жұбайы Әйгерімнің жақын құрбысы Сандуғаш Амантайдың жазбасынан кейін threads әлеуметтік желісінде әнші мен актрисаға «бойкот» жариялау керек дегендер көбейді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Сандуғаш Амантайдың айтуынша, Еркеш Хасен ресми некеде бола тұра актриса Жанель Серғазинамен қарым-қатынас орнатқан.
«Бұл жаңалықтың ақыры шыққанына қуаныштымын. Еркештің бірінші әйелі менің құрбым Әйгерім. Оның қалай қиналғанын, қанша жылағанын менен артық ешкім білмейтін шығар. Некеде жүріп Жанельмен байланыс құрған. Тіпті өз қызына да хабарласпай, жоқ болып кететін», - деді ол.
Құрбысының айтуынша, Әйгерім отбасын сақтап қалғысы келген.
«Әйгерімнің сабырына таң қаламын. Өз еңбегімен, өз ақшасына жөнделген әдемі пәтерде қазір сол екеуі ештеңе болмағандай тұрып жатыр. Қанша көз жасы төгілді, жүрегі ауырды. Ол өте еңбекқор, ашық-жарқын қыз», - дейді Сандуғаш.
Сондай-ақ ол Еркеш Хасеннің қызы әкесін қатты сағынғанын атап өтті.
«Медина сол кезде үнемі әкесін іздейтін. Ал жұрттың бәрі «Егіз лебіз» бағдарламасында олардың құшақтасып жүргенін көрді. Жанель оның үйінде әйелі мен баласы бар екенін біле тұра, ашық жүрді. Ақырында аяғы ауыр болып қалды», - деді ол.
Сандуғаштың сөзінше, Айгерім бұл жағдайды жария етпей, үнсіз қалуды таңдаған.
«Құрбым басқа біреулер сияқты интервью берсе де болар еді, бірақ үндемеді. Былтыр тіпті Жанельге өзі жазды. Сонда «арада ештеңе жоқ» деген жауап алған. Бірақ шындық басқа болды», - деп қосты ол.
Оның айтуынша, Әйгерім қызын өзі асырап, өзі жеткізіп келеді.
«Алматыға қызына ертіп барып, Еркешті іздеді. Бірақ ол кездесуден бас тартты. Айгерім бәрін өзі көтерді. Мен қолдан келгенше қолдадым», - дейді Сандуғаш Амантай.