$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2026, 14:44
AR trend

«Бүкіл Қазақстан менің бала туғанымды күтіп отырғандай»: Динара Сәтжан сәби сүйгісі келетінін айтты

Ол Айнұр Ильясоваға сұхбат берген

«Бүкіл Қазақстан менің бала туғанымды күтіп отырғандай»: Динара Сәтжан сәби сүйгісі келетінін айтты
Фото: скриншот

Актриса Айнұр Ильясованың youtube-арнасына сұхбат берген журналист, тележүргізуші, продюсер Динара Жанықұл (Сәтжан) болашақта жасанды ұрықтандыру жолымен бала сүюді ойлап жүргенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy. 

Жалпы, көлемді сұхбат барысында Айнұр Ильясова Динара Жанықұлдан жолдасы Жұмабек Жанықұлмен қарым-қатынасы, келіндік қызметі, отбасы, бала тәрбиесі мен әртүрлі салаға қатысты ойларын сұраған соң сөз соңында сәби сүюге қатысты сұрақ қойды.

«Сіз сұхбаттарыңыздың бірінде «өз адамымды жолықтырып, бала сүйгім келеді деп едіңіз. Баян Алагөзова, Айгүл Мукей сынды құрбыларыңыздың мысал етсек болады. Сіз әлі де бала сүюді жоспарлап жүрсіз бе?», - деді Айнұр Ильясова.

Бұған әзіл-шыны аралас жауап берген Динара Жанықұл қызмет бабында жасанды ұрықтандыруға қатысты талай рет сұхбат алса да бұл мәселемен бетпе-бет келемін деп ойламағанын айтты.

«Менің бала туғанымды бүкіл Қазақстан күтіп отырған сияқты. Көбінің сұрайтыны осы. Жалпы, мен тіпті жасанды ұрықтандыру жолын ойлап жүргенімді жоққа шығармаймын. Әрине, мен тексерілдім, әлі жаспын, өзім де бала сүйе аламын. Бірақ, ғылым бір орында тұрмайды, ол дами береді. Сондықтан, біздің жасымызда ғылымға сенген дұрыс сияқты. Өйткені, ғалымдар эмбрионды жан-жақты зерттеп, дені сау баланы таба алады. Сондықтан, ғылымға сенген дұрыс», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары