$ 518.19  597.32  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Roblox ойын платформасында балалар жыныстық сипаттағы контентті еркін тұтынған

Платформаны 80 млн адам қолданған 

Roblox ойын платформасында балалар жыныстық сипаттағы контентті еркін тұтынған
Фото: Freepik

Әлемдегі ең танымал ойын платформаларының бірі Roblox-та балаларға бөтен ересектермен сөйлесуге тыйым салынды. Бұл шара Австралия, Жаңа Зеландия және Нидерландыда іске асқан, жаңа жылдан бастап басқа елдерге де қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

ВВС-дің жазуынша, енді платформада әр қолданушының жасы тексеріледі. АҚШ-тың бірнеше штатында Roblox-қа шағым түскен. Платформа кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы контент тұтынуға және ересектермен еркін сөйлесуіне мүмкіндік берген.

Roblox қосымшасында жасын тексеру үшін камера арқылы бет сканері қолданылады. Бұл жүйе 5-тен 25 жасқа дейінгі пайдаланушылардың жасын шамамен 1–2 жыл дәлдікпен анықтай алады. Пайдаланушылар мынадай жас топтарына бөлінеді:

  • 9 жасқа дейін
  • 9–12 жас
  • 13–15 жас
  • 16–17 жас
  • 18–20 жас
  • 21+

Қолданушылар тек өз жас тобына сәйкес адамдармен сөйлесе алады, тек «сенімді байланыс» функциясын пайдалану арқылы басқа адамдарға қосыла алады. 13 жасқа дейінгі балаларға жеке хабарламалар мен кейбір чаттарға ата-анасының рұқсаты сұралады.

2024 жылы Roblox платформасын күнделікті 80 миллионнан астам адам пайлаланған, олардың шамамен 40%-ы 13 жасқа дейінгі балалар болды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АҚШ #талап #ойын