ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 06:08
Әлем

АҚШ-та ер адам қызғаныштан әйеліне отыз рет қайшы сұққан

Жантүршігерлік қылмыс Американы дүр сілкіндірді

АҚШ-та ер адам қызғаныштан әйеліне отыз рет қайшы сұққан
Фото: istockphoto.com

АҚШ-та 47 жастағы Техас тұрғыны опасыздық жасады деген күдікпен әйелін қатыгездікпен өлтірді. Ол әйеліне қайшымен 30 рет соққы жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың маусым айында болған. Әйелінен күдіктенген ер адам оны өлтіру ниетімен үйіне жеті сағат жол жүріп келген. Үйде әйелден басқа екі бала болған. Көп ұзамай ұлдарының бірі 911 нөміріне қоңырау шалып, әкесінің өгей шешесін өлтіргенін хабарлаған.

Дереу келген полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері әйелді құтқарып қала алмады. Ер адам алдымен оны тұншықтырып, содан кейін қайшымен бірнеше рет ұрған. Қанды оқиғадан кейін ол душқа түсіп, қашып кетуге тырысқан.

Ұсталған кезде ер адам қылмысын бірден мойындады. Ол әйелін қанша рет ұрғанын нақты айта алмады.

Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары