23.10.2025, 17:35
Әлем
Грузиялықтар түрмедегі жалғыз журналист әйелді қолдап шеруге шықты
Полиция 30 адамды ұстады
Фото: скрин/ The Associated Press
Мыңдаған адам Тбилиси көшелеріне шығып, сотталған журналист Мзия Амаглобелидің бостандыққа шығуын талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. euronews-ке сілтеме жасап.
Кеше Мзия Амаглобели мен белорус-поль журналисі Анджей Почобутқа Еуропарламенттің адам құқықтары саласындағы Сахаров сыйлығы берілген еді. Осыдан кейін азаматтар журналистің еркіндікке шығуын талап етті.
Мзия Амаглобели 2025 жылдың қаңтарында билікке қарсы шеруге қатысқаны үшін қамалған. Тамызда полиция қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Грузия тәуелсіздік алғаннан бергі елдегі тұңғыш әйел-саяси тұтқын Мзия Амаглобели демократиялық шерулердің көшбасшысы әрі сөз бостандығын қорғаушы ретінде танымал болды.
Көп оқылған
13.06.2026, 14:57
БҚО-да жол талғамайтын көлік жыраға құлап кетті
13.06.2026, 11:36
Астана маңындағы бекетте полицияның қызметтік иті ірі көлемде есірткі тапты (ВИДЕО)
13.06.2026, 11:27
Шымбұлаққа көлікпен кіруге қойылған шектеу заңсыз деп танылды
13.06.2026, 10:58
«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды
13.06.2026, 11:10
Қызыл, сары, көк: Астана әкімдігі туристерге арналған арнайы жол картасын сата бастады
13.06.2026, 17:20
14 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды