Қарт ерлі-зайыпты көршісін бес жыл бойы тұтқында ұстап, азаптаған
Жәбірленушінің айтуынша оны кәстрөл мен пакетке дәрет сындыруға мәжбүрлеген

Францияда қарт ерлі-зайыпты көршісін бес жыл бойы тұтқында ұстаған. 82 жастағы ер адам мен оның 60 жастағы сыбайласы психикалық ауруға шалдыққан 45 жастағы әйелді жүйелі түрде қорлап келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Herald басылымының мәліметінше олар оның ботқасына жуғыш зат араластырып берген.
Қазан айының ортасында жәбірленуші бірнеше рет қашуға тырысқан, бірақ қорқыныштан қайта оралып отырған. Содан бір күні көршісінен көмек сұрап барған, оған салқын тиіп қалғандықтан ауруханаға жатқызылды.
Жәбірленушінің айтуынша оны бақшада немесе гаражда тұруға, кәстрөл мен пакетке дәрет сындыруға мәжбүрлеген. Сонымен қатар қаскүнемдер оның шотындағы бар ақшаны өз шоттарына аударған. Күдіктілер тағылған айыптың бір бөлігін ғана мойындады, тергеу жалғасып жатыр.
Прокурорлардың айтуынша ерлі-зайыпты оны бес жыл бойы азаптап, ақшасын иеленіп отырған.