$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:37
Әлем

Дубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады (ВИДЕО)

Ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Дубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Гонконг халықаралық әуежайында Boeing 747 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігімен соқтығысып, кейін теңізге құлаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оқиға салдарынан көлікте болған екі қызметкер қаза тапты: олардың бірі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Жүк ұшағы Emirates әуе компаниясының EK9788 рейсін орындаған, бағыты Дубай – Гонконг. Ұшақ экипажының мүшелері зардап шекпеген.

Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсінің ұшатын уақыты кейінге шегерілген. 

Ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, ал орталық және оңтүстік жолақтар әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары