Әлемдегі алғашқы миллиардер футболшы анықталды
Ол - португалиялық футболшы Криштиану Роналду

Bloomberg Миллиардерлер Индексі мәліметінше, Криштиану Роналду алаңда жүрген футболшылар арасындағы алғашқы миллиардер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Роналду биыл Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшартын ұзартты. Оның құны - 400 миллион доллар.
Bloomberg агенттігі оның осы келісімшарты мен Armani және Nike брендтерімен серіктестігі футболшының байлығын арттырды дейді.
Роналду халықаралық футболдағы ең көп гол соққан ойыншы, 223 матчта 141 рет гол салған. Ол жақын арада зейнетке шығуды жоспарында жоқ екенін айтқан.
«Жақындарым «осы жетеді, сен бәрін істедің, сен әлі мың гол соққың келе ме?» деп айтады. Бірақ мен олай ойламаймын. Мен клубыма және ұлттық құрамама көмектесіп жатырмын ғой, неге жалғастыра бермеске?!» - деді спортшы Canal 11 арнасына берген сұхбатында.
40 жастағы Роналду бес мәрте «Алтын доп» иегері атанған, Portugal Football Globes сыйлығын жеңіп алған.