$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.10.2025, 12:35
Әлем

Копенгагенде Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян әңгімелесті (ВИДЕО)

Олар бейбіт келісім орнатқан соң екінші рет кездесіп тұр

Копенгагенде Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян әңгімелесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Дания астанасы Копенгагенде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Report агенттігінің хабарлауынша, келіссөздер Еуропалық саяси қауымдастықтың 7-ші саммиті аясында ұйымдастырылды.

8 тамыз 2025 жылы Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың делдалдығымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян бейбіт декларациясына (Joint Declaration) қол қойды.

Декларация мәтіні жарияланды, оның ішінде екі ел территориялық тұтастықты сақтау, бір-біріне аймақтық талаптардан бас тарту және күш қолданбау принциптерін ұстану міндеті қарастырылған.

Келісім бойынша, елдер арасындағы транспорттық және коммуникациялық байланыстарды ашу да маңызды міндеттер қатарына енеді. Мысалы, Әзербайжанның негізгі бөлігі мен Нахчыван автономды облысын Армения аумағы арқылы байланыстыратын көпір (дәліз) мәселесі келісімнің құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары