$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2025, 06:46
Әлем

Bosch 13 мың жұмыс орнын қысқартады

Ол әлемдік жұмыс күшінің шамамен 3% құрайды

Bosch 13 мың жұмыс орнын қысқартады
Фото: Alicia Windzio/AP/DPA

Ірі инженерлік компания еуропа автокөлік нарығындағы дағдарыс жағдайында жұмыс орындарын қысқарту 2,5 миллиард еуро үнемдеуге мүмкіндік береді деп үміттенеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Bosch 2030 жылға қарай автокөлік бөлшектері өндірісіндегі 13 мыңға жуық қосымша жұмыс орнын қысқартады, бұл оның әлемдік жұмыс күшінің шамамен 3% құрайды.

Компанияның Штутгарт қаласындағы бөлімшесі қатты зардап шегеді, атап айтқанда Фейербах және Швибердинген сияқты нысандарда мыңдаған жұмыс орны қысқартылады.

Инженерлік алпауыт еуропалық автокөлік өнеркәсібінің құлдырауы аясында 2,5 миллиард еуро көлеміндегі шығынды «мүмкіндігінше тез» өтеуге ұмтылып жатыр.

Компания зардап шеккен қызметкерлермен дереу талқылауды бастауға ниетті екенін мәлімдеді.

Автокөлік өндірушілерге сұраныстың төмендеуі, жұмыс күші мен энергия шығынының артуы, арзан қытай көлігінің көбеюі және АҚШ-қа экспорттау тарифтнің жоғарылауы қиындық тудырып отыр. Қазір автокөліктер мен автокөлік бөлшектеріне 15% баж салынады.  

Серіктес жаңалықтары