$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2025, 22:55
Әлем

Ұлыбритания ғалымдары динозаврдың жаңа түрін анықтады

Олар шамамен 120 млн жыл бұрын осы аймақта өмір сүрген

Ұлыбритания ғалымдары динозаврдың жаңа түрін анықтады
Фото: pixabay

Ұлбритания ғалымдары динозаврдың жаңа түрін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.

Ежелгі жануарлардың сүйектері Англияның оңтүстігінен табылды.

Зерттеушілердің айтуынша, олар шамамен 120 млн жыл бұрын осы аймақта өмір сүрген.

«Жаңа түрдің бойы шамамен екі метрге жетіп, салмағы бір тоннаға дейін басқан», - деп хабарлады телеарна.

Ғалымдар олардың иығынан құйрығына дейін желкен тәрізді созыла біткен сүйегі болғанын анықтады. Мамандардың пайымы бойынша бұл ерекшелік динозаврларға өз тұқымдастарын алыстан тануға мүмкіндік берген.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында археологтар ежелгі қаңлы дәуірінде өмір сүрген жауынгердің зиратын тапқан болатын. Батырдың бес қаруы, ат әбзелдері және тұрмыстық бұйымдары бірге қойылған. Ғалымдардың болжауынша, жауынгер шамамен 2 мың жыл бұрын жерленген. Мазардың көлемі мамандарды таңқалдырды. Жерлеу камерасына апаратын дәліздің ұзындығы – 10 метр, тереңдігі – 5 метр, күмбезі де биік.

Серіктес жаңалықтары