$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2025, 11:10
Әлем

Кали қаласындағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды

Әуе күштері базасы маңында жүк көлігі жарылған

Кали қаласындағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, 36 адам жарақат алды
Фото: freepik.com

Колумбияның Кали қаласындағы әуе күштері базасы маңында жарылыс болып, кемінде 5 адам қаза тапты, 36 адам жараланды. Билік оқиғаны наркотеррористік шабуыл деп атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Колумбияның Кали қаласында Әуе күштері базасы жанында болған жойқын жарылыс салдарынан кем дегенде 5 адам қаза тауып, тағы 36 тұрғын жарақат алды. Қала әкімдігі оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Кали мэрі Алехандро Эдер оқиғаны «наркотеррористердің шабуылы» деп атап, қала тұрғындарына үндеу жасады.

«Кали тағы да наркотеррористердің құрбанына айналды. Әуе күштері базасы маңында жүк көлігі жарылды», – деді ол.

Қаланың ресми X парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, апат салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық төтенше қызмет өкілдері жұмылдырылған.

Мэр Эдер қылмыскерлерді анықтауға көмектесетін ақпарат үшін сыйақы тағайындады. Сонымен қатар, билік қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк көліктерінің қозғалысына таңғы 04:00-ге дейін шектеу енгізді.

Серіктес жаңалықтары