$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2025, 16:27
Әлем

Армения референдум арқылы Ата Заңын өзгертпек

Премьер-министр Никол Пашинян Конституциялық реформа жайлы айтты

Армения референдум арқылы Ата Заңын өзгертпек
Фото: Instagram/Nikol Pashinyan

Арменияда жаңа Конституция қабылдау мәселесі күн тәртібінде тұр. Ел премьер-министрі Никол Пашинян бейсенбі күнгі брифингте референдум 2027 жылы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Қазір біз жаңа негізгі заң жобасымен жұмыс істеп жатырмыз. Ол дайын болған кезде референдум өткіземіз», – деді үкімет басшысы.

Пашинянның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау процесінің қазіргі Әзербайжан–Армения қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үдерісіне тікелей қатысы жоқ. Дегенмен стратегиялық тұрғыда ол процестер конституциялық реформаға ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Мен бұған дейін де айтқанмын: егер ратификация процесінде конституциялық сот қазіргі уақытта парафирленген бейбітшілік келісімі қол қойылған жағдайда Конституцияға қайшы келеді деп шешсе, онда мен өзім Конституцияға өзгерістер енгізуді бастаймын. Қазір бұған қатысты алаңдаудың қажеті жоқ», – деді Армения премьер-министрі.

 

Серіктес жаңалықтары