$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:45
Әлем

АҚШ 55 миллион шетелдіктің визасын қайта тексереді

Олардың деректері жіті қаралмақ

АҚШ 55 миллион шетелдіктің визасын қайта тексереді
Фото: istockphoto.com

АҚШ мемлекеттік департаменті елде виза иегерлерін тексеруді бастамақ. 55 миллион шетелдік азаматтың құжаттары қауіпсіздік пен заңға сәйкестігі тұрғысынан қаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ мемлекеттік департаменті елде виза иегерлеріне ауқымды тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Тексеріс визаның мерзімінен артық қалу, қылмыстық әрекеттерге қатысу, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіру немесе террористік ұйымдарға қолдау көрсету сияқты тәуекелдерді анықтауға бағытталған.

Бұл шара 55 миллионға жуық шетелдік азаматты қамтиды. Олар АҚШ-та туристік, жұмыс немесе студенттік виза арқылы заңды негізде тұрып жатыр.

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде түрлі деректер қарастырылады:

  • құқық қорғау органдарының жазбалары;
  • иммиграциялық құжаттар;
  • виза берілгеннен кейін белгілі болған басқа да ақпараттар.

Егер талаптарға сәйкес келмейтін деректер анықталса, виза күшін жоюы мүмкін.

The Washington Post атап өткендей, Дональд Трамп әкімшілігі кезінде иммиграцияға қатысты саясат күшейтілген болатын. Алғашында шаралар заңсыз миграцияға қарсы бағытталса, кейіннен ол заңды негізде елге келген туристерге, жұмысшыларға және студенттерге де әсер етті.

Серіктес жаңалықтары